$479.26 €546.21 ₽6.13
×

"Мемлекет әлеуметтік жауапкершілікке басымдық береді",- сарапшы

"Мемлекет әлеуметтік жауапкершілікке басымдық береді",- сарапшы

Астанада конституцияның заңды күшіне енуіне қатысты  «Sarap» сарапшылар клубының отырысы өтті. Басқосуда  Конституцияның ережелерін іске асыру, конституциялық институттарды дамыту, сондай-ақ ата заңдағы реформаларды сүйемелдеудегі сарапшылар қауымдастығының рөлі талқыланды. Басқосу барысында мемлекеттік басқаруды жетілдіру, ғылым мен цифрлық технологияларды дамыту, сондай-ақ шешім қабылдау үдерісіндегі талдамалық зерттеулердің рөлін арттыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Қатысушылардың пікірінше, мемлекет, сарапшылар қауымдастығы және қоғам арасындағы тиімді өзара іс-қимыл Қазақстанның одан әрі дамуының негізгі факторларының біріне айналады.

ЖАМАЛАДЕН ИБРАГИМОВ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

Жаңа Конституция мемлекетіміздің құқықтық дамуының бағытын айқындайды. Оның басты ерекшеліктерінің бірі – Мемлекет басшысы атап өткен «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекет әлеуметтік жауапкершілікке ерекше басымдық беріп отыр. Бұл – азаматтарды әлеуметтік қолдау мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету. Ал шынайы әлеуметтік әділеттілік дегеніміз – барша азамат үшін тиімді түрде тең мүмкіндіктердің жасалуы.