$479.26 €546.21 ₽6.13
×

«Əділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған бірыңғай бастамалар топтамасын əзірлейді

«Əділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған бірыңғай бастамалар топтамасын əзірлейді

«Əділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған бірыңғай бастамалар топтамасын əзірлейді. Бұл туралы Іскерлік кеңес отырысында айтылды. Партия Төрағасы Айбек Дәдебай тау-кен металлургия кешені кəсіпорындарының басшыларымен, мемлекеттік органдардың жəне салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездесіп,  саланы дамыту, отандық кəсіпорындарға қолдау көрсету, жаңа өндіріс орындарын ашу, шикізатты терең өңдеу, инженерлік кадрлар даярлау сынды өзекті мəселелерді талқылады. Сондай-ақ, шикізатты экспорттауға емес, терең өңдеу ісіне басымдық беру мәселесі қарастырылды. Былтыр тау-кен металлургия саласы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің шамамен 8 пайызын қамтамасыз етіп, өндіріс көлемі 14 триллион теңгеден асқан.  Айбек Дəдебай Қазақстанның минералды шикізат қоры аса бай екенін атап өтті. Саланың əлеуеті ең алдымен ел экономикасын дамыту жолында қызмет етуге тиіс деді.

АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

"Әділет" партиясы қазіргі өнеркәсіп саясатының басты қағидатын орнықтыруға күш салатын болады. Заң мен ереже саяси өзгерістерге тәуелді болмауы тиіс деп есептейміз. Егер біз ұзақ мерзімді инвестиция тартқымыз келсе, мемлекет елімізге қаржы салуға ниетті инвестор үшін ең сенімді әріптеске айналуы тиіс деген ұстанымдамыз.