$479.26 €546.21 ₽6.13
×

Құрылтай сайлауына 7 партия қатысады - ОСК

01.07.2026ж. 18:54
Құрылтай сайлауына 7 партия қатысады - ОСК
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарының сайлауына 7 партия қатысатынын мәлімдеді.

 Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясын, «Ауыл» партиясын, «Әділет» саяси партиясын, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан халық партиясын және «Respublica» партиясын Құрылтай депутаттарының сайлауына қатыстыру туралы қаулылар қабылдады, — деді ОСК төрағасы.