“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері өңірдің таулы аймақтарында демалушылар мен бақташылар арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу. Полиция қызметкерлері демалушыларға және мал бағушыларға тұрмыстық қалдықтарды табиғат аясында қалдырмау, белгіленбеген жерлерде от жақпау, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын орындау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екені ескертілді. Полиция тұрғындар мен өңір қонақтарын табиғатқа жанашырлықпен қарап, демалыс орындарында тазалықты сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және экологиялық заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады.