Елдің
оңтүстік өңірінде ірі қылмыстық топ құрықталды. Арасында құқық қорғау
саласының өкілдері бар. Күштік
құрылымдар Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында
арнайы операция жүргізген. Нәтижесінде қылмыстық топтың 29 мүшесі
тұтқындалды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Қолға түскендер кеден бекеті
арқылы заңсыз жүк тасымалдаумен және контрабандамен айналысқан. Жазбаша
хабарламада көрсетілгендей, кеден және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің
16-сы Алматы және Жамбыл, 13-і Оңтүстік Қазақстан облысынан. Екеуі Қырғыз елінің азаматы.
Тергеу жалғасуда.