«Ерекше фото» айдары. Шығыс Қазақстанның табиғаты, мәдениеті жайлы деректі фильмге түсуге келген голливудтық актерлар Эрик Робертс, Бай Лин, Марк Дакаскос және Кэри Тагава Халифа Алтай мешітін аралапты. Жергілікті басылымдардың жазуына қарағанда, мешітке таң-тамаша болған. Жамағатпен бірге дұға қылған...Қонақтарға елімізде ислам дінінің дамуы туралы Астанадағы Хазірет Сұлтан мешіті дайындаған 3 тілде басылған кітаптар сыйлапты. Сонымен бірге қымызға құмары қанған Кэри Тагава «Қазақстан азаматы» болуға ниетті деп жазған, ақпарат құралдары. Оның 3 жыл бұрын Ресей азаматтығын алуға құлшынғаны еске түседі. Айтпақшы Болливуд жұлдызы Митхун Чакраборти алдағы сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысына баратыны хабарланды.Тарихи киноға түсетін көрінеді...