$472.03 €540.29 ₽6.11
×

Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан блогер мен оның сыбайластары ұсталды

Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан блогер мен оның сыбайластары ұсталды

Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан блогер мен оның сыбайластары ұсталды. Қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Полиция дерегінше, қолға түскен - Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогер. Ол өзінің сыбайластарымен кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлердің соңына құйтырқы мақсатта «шырақ» алып түскен. Ұйымдасқандар қызметтік міндеттерін атқару барысында орын алды деп болжанған тәртіп бұзушылықтарды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған. Ұсталған күдіктілерге қатысты қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ДУЛАТ ҚАЙЫР, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Жедел іс-шаралар барысында жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп, түрлі бейнематериалдар жинағаны  анықталды. Бейнематериалды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.