$472.03 €540.29 ₽6.11
×

Үлкен Алматы өзені арнасындағы гранит тақталар селге шыдамады

AstanaTV
03.07.2026ж. 19:00
Үлкен Алматы өзені арнасындағы гранит тақталар селге шыдамады

Үлкен Алматы өзенінің арнасы селге шыдамады. Тасқыннан кейін гранит тақталар  қирап қалған. Әлеуметтік желіде  видео тарады.  Желі қолданушылар нысанның миллиардтаған теңгеге жөнделгенін айтып, құрылыс сапасын сынауда. Қала әкімдігі қазір мердігер ұйым гранит қаптаманы бекіткіштермен нығайтып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ арнаны қайта жаңғырту жұмыстары  әлі аяқталмағанын айтты. Нысан әлі пайдалануға берілмеген және тапсырыс беруші қабылдап алмаған.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Осыған байланысты құрылыс жұмыстарының сапасына, нысанның сақталуына және анықталған кемшіліктерді жоюға мердігер ұйым жауапты. Жоба толық аяқталып, нысан пайдалануға берілген соң мердігерге 3 жылдық кепілдік міндеттеме жүктеледі. Мердігер осы уақыт ішінде өз кінәсінен болған барлық ақауды өз есебінен жөндеуге міндетті.