$472.03 €540.29 ₽6.11
×

"Әлемдік бәсекелестіктегі өзгерістер жаңа сатыға өтуімізді талап етеді",- сарапшы

"Әлемдік бәсекелестіктегі өзгерістер жаңа сатыға өтуімізді талап етеді",- сарапшы

Халықтық Конституция Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына құқықтық негіз қалыптастырып, адами капиталды дамытуға, сапалы білім мен ғылымды ілгерілетуге және әділетті қоғам құруға мүмкіндік береді. Бәсеге қабілетті елдер үшін сапалы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру маңызды. Қызылордалық ғалымдар мен университет оқытушылары осылай дейді.  Конституциялық өзгерістер сапалы әрі қолжетімді білім алуға тең мүмкіндік жасап, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға, ғылым мен инновацияны дамытуға, жастардың цифрлық және жасанды интеллект дәуіріне қажетті дағдыларын қалыптастыруға негіз қалайды.

НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:

Әлемдік бәсекелестіктегі өзгерістер бізді жаңа сапаға өтуімізді талап етіп тұр. Конституцияның негізгі бағыты -сол. Ендігі үлкен жұмыс ел болып Конституцияның ішінде айтылған барлық құқықтары мен жауапкершіліктерін қатар алып жүруіміз керек. Жауапкершілік пен Конституцияны тең ұстағанда ғана қоғамда әділеттілік қалыптасады.