$472.03 €540.29 ₽6.11
×

Халықтың әл-ауқатын арттыру - Ата заңға енгізілген өзгерістің басты өзегі

Халықтың әл-ауқатын арттыру - Ата заңға енгізілген өзгерістің басты өзегі

Халықтың әл-ауқатын арттыру - Ата заңға енгізілген өзгерістің басты өзегі. Сарапшылардың пікірінше, бұл реформалар мемлекеттің саяси құрылымын ғана емес, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салаларын да түбегейлі жаңғыртпақ. Әсіресе, жаңа салық жүйесінің қалыптасуы тұрақты дамудың негізгі тұғырына айналады.

БАҚЫТГҮЛ ҚАМБАР, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ХАТШЫЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Цифрлық технологияларды қолдана отырып, белгілі бір ақпараттарды, құпияларды сақтау , адамның жеңе басының құндылығын сақтау, осыған да ерекше мән беріледі. Оны айтып отырған себебім, кез келген инвестициялық қызметте бұған ерекше мән берілуі керек. Елдің жалпы табиғи ресурстарының сақталуына ерекше мән берілуі және заңдық негізінің күшейуі әрине инвесторлардың біздің елг деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын.