Елордада отандық технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Astana Innovations Accelerator» бағдарламасы өз мәресіне жетті. Инновациялық жобаларды қолдауды көздейтін «Opening Day» шарасына мемлекеттік орган өкілдері, даму институттары мен ІТ-экожүйе сарапшылары бас қосты. Бағдарлама аясында іріктеуден сәтті өткен 25 отандық стартап өздерінің озық технологиялық шешімдерін сарапшылар қауымдастығы мен көпшілікке таныстырды. Ұсынылған жобалардың басым бөлігі жасанды интеллект көмегімен әзірленіп, Астана қаласының түрлі салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.
ӘШІМБЕК АБДУЛҒАЗИНОВ, ASTANA HUB БИЗНЕС БАҒДАРЛАМАЛАР КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бұл стартаптар әр салада тек қана медицина емес. Күнделікті адамның өмірін жеңілдететін жол мәселелері, инфроқұрылымдар, білім саласында яғни жан-жақты стартаптар таңдалды. Сол стартаптар жан-жақты ұжымдарда пилот ретінде өтеді.