$472.03 €540.29 ₽6.11
×

Биыл 90 мыңға жуық білім гранты бөлінді

AstanaTV
03.07.2026ж. 19:00
Биыл 90 мыңға жуық білім гранты бөлінді

13 шілдеде мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына құжат қабылдау басталады. Биыл жоғары білім алуға жалпы саны 90 мыңға жуық оқу  гранты бөлінді. Оның  75 мың 371 - і бакалавриатқа, 11 мың 7  магистратураға және 3 мың 79 грант докторантураға қарастырылған.  Осы оқу жылында мектепті 215 мыңнан астам түлек аяқтады. Ал бакалавриат деңгейіндегі мемлекеттік білім беру тапсырысы еліміздің 89 жоғары оқу орнында орналастырылған. Мемлекеттік гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық, IT және аграрлық мамандықтарға бағытталса, тағы 21 пайызы педагогикалық кадрларды даярлауға бөлінген.

ЖАННА ЕСЕНБАЕВА, ҚР ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Республикалық конкурстық шешім әдеттегідей тамыздың 10-на дейін жариялаймыз негізгі тізімді. Ол тізімде өзін таба алмаған  талапкерлер үшін басқа да альтернативті грант түрлері қарастырылады. Атап айтар болсақ, әкімдіктердің гранттары. Әкімдіктердің гранттары да конкурстық негізде ҰБТ нәтижесі бойынша беріледі. Республикалық конкурстық нәтижесі жарияланғаннан кейін өткізіледі.