$472.03 €540.29 ₽6.11
×

Қазақстандықтар енді өз жүргізуші куәлігімен Дубайда да көлік басқара алады

07.07.2026ж. 16:28
Қазақстандықтар енді өз жүргізуші куәлігімен Дубайда да көлік басқара алады
Фото: uralskweek.kz

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Ішкі істер министрліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы меморандумға қол қойды.  

Бұл келісімге 2026 жылдың 25 маусымында Абу-Даби қаласында қол қойылған. Меморандум биыл 25 шілдеден бастап күшіне енеді.

«Меморандум екі түрлі жағдайды қамтиды. Біріншісі, азаматтың басқа елге уақытша баруы. Мысалы, туристік, іскерлік немесе жеке сапармен келген кезде. Бұл жағдайда Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері бір-бірінің қолданыстағы ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара таниды. Яғни, Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірліктерінде өзінің жарамды қазақстандық жүргізуші куәлігімен автокөлік басқара алады. Екіншісі: Қазақстан азаматы Біріккен Араб Әмірліктеріне тұрақты немесе ұзақ мерзімге қоныс аударып, тұруға ықтиярхат алған кезде. Мұндай жағдайда жүргізуші куәлігін емтихан тапсырмай-ақ айырбастауға болады», - дейді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.