$471.04 €538.54 ₽6.17
×

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы түсіндірді

AstanaTV
07.07.2026ж. 19:00
Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы түсіндірді

Конституциялық Сот бірқатар жоғары мемлекеттік лауазымдарға қайта сайлау және қайта тағайындау тәртібіне ресми түсіндірме берді.Енді 2026 жылғы жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Президент, Конституциялық Сот төрағасы, Жоғарғы Сот төрағасы және Бас прокурор лауазымдарына тағайындау немесе сайлау кезінде жаңа Ата Заңның нормалары қолданылады. Яғни, бұл қызметтерді 1995 жылғы Конституция кезінде атқарған тұлғалардың бұрынғы өкілеттік мерзімдері есепке алынбайды. Сондықтан халықтық Конституция күшіне енгеннен кейін олардың осы лауазымдарға сайлануы немесе тағайындалуы алғаш рет жүзеге асырылған болып саналады.