$471.04 €538.54 ₽6.17
×

Вьетнамда түйреуіш жұтып қойған қазақстандық сәби ажалдан аман қалды

Вьетнамда түйреуіш жұтып қойған қазақстандық сәби ажалдан аман қалды
suckhoedoisong.vn

Вьетнамда тоғыз айлық қазақстандық сәби ағылшын түйреуішін жұтып қойып, ажалдан аман қалды.

Вьетнам Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 4 шілде күні тоғыз айлық Қазақстан азаматы Хюэ қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілген. Бұған дейін сәби Дананг қаласындағы ауруханада жатқан, кейін жағдайына байланысты шұғыл түрде басқа медициналық мекемеге ауыстырылған.

Тексеру барысында дәрігерлер үшкір заттың өңештің шырышты қабығын зақымдап, өңештің тесілуі, қан кету және басқа да ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін екенін анықтаған.

Дәрігерлер шұғыл консилиум өткізіп, эндоскопиялық ота жасау туралы шешім қабылдаған. Нәтижесінде мамандар ағылшын түйреуішін өңешке зақым келтірмей, қауіпсіз алып шыққан.

Дәрігерлердің айтуынша, сынған ағылшын түйреуіші – кішкентай балаларға эндоскопия жасау кезінде алынуы ең қиын бөгде заттардың бірі. Оның үшкір ұшы қозғалып кетсе, процедура барысында тіндерді қатты зақымдауы мүмкін.

Бірнеше күндік бақылаудан кейін сәбидің жағдайы тұрақталған. 6 шілде таңындағы жағдай бойынша дәрігерлер ешқандай асқыну белгілерін анықтамаған.