Дағыстанның Кизляр қаласындағы қанды оқиғаға орай ДАИШ содырлары жауапкершілікті мойнына алды. Атыстан 5 адам қаза тапты. Ruptly агенттігінің хабарлауынша, оқ атқан жігіт уаххабист болып шыққан. Дағыстан рухани басқармасының өкілдері, оның нағыз исламмен ешбір байланысы жоқ, деп мәлімдеді. Сондай ақ марқұмдардың отбасыларына көңіл айтты. Жергілікті православ шіркеуінің өкілдері де бұл әрекетті айыптап отыр. Патриарх Кирилл мұны мұсылмандар мен христиандар арасына от салу үшін жасалған қылмыс деді. Қазір бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Зардап шеккен 4 адам ауруханада жатыр.
5 адам жеткізілген еді, аса ауыр халдегі әйел операция үстелінде көз жұмды. Тағы екеуінің халі ауыр. Ал екі полицейдің жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Травматология бөлімшесінде жатыр.
Кизлярда 22 жастағы Халил Халилов шіркеуден келе жатқан адамдарға оқ атқан. Бораған оқтан полиция қызметкерлері де зардап шекті. Бейбіт тұрғындарға қару кезенген жігіттің көзі жойылды.