$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде жат ағымда жүргендер бизнеске тартылып жатыр

AstanaTV
19.02.2018ж. 20:00
2405
Ақтөбеде жат ағымда жүргендер бизнеске тартылып жатыр

Ақтөбеде деструктивті діни ағым өкілдері бизнеске тартылып жатыр. Өңірде бұған дейін әсіредіншіл деп танылған 350-ден астам адам кәсіпкер ретінде тіркелді.  Облыстық Дін істері басқармасы басшысының айтуынша, шағын цех ашуға, жолаушы тасымалымен айналысуға ден қойғандар көп. Билік осылайша адасқандарға психологоиялық кеңес беріп қана қоймай, жұмыс табуына да көмектесіп жатыр. Жүзге жуық қыз-келіншек сұлулық салоны шебері мен тігіншілік ісіне машықтанып жүр. Арнайы курсты тәмамдаған соң жеке кәсіп ашады немесе жұмысқа орналасады. Облыста бір жыл бұрын дәстүрлі емес діни ағымда жүрген 2 мыңдай адам болған. Түсіндіру шараларының нәтижесінде олардың 400-і түзу жолға түскен. 

Жолдас Қалмағамбетов, облыстық дін істері басқармасының басшысы:

327 әйел адам бала күтімімен демалыста отыр екен. Осы әйелдерге бос уақытын тиімді пайдалану үшін фитнес орталықтарына, кондитерлік цехтарда жұмыс жасауға, іс-тәжірибеден өтіп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасын таба беретін болады.