$467.98 €533.87 ₽6.11
×

Бурабайда квадроцикл аударылып, бойжеткен қаза тапты

AstanaTV
08.07.2026ж. 19:00
Бурабайда квадроцикл аударылып, бойжеткен қаза тапты

Бурабайда квадроцикл аударылып, астаналық тұрғын қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші  тізгінге ие бола алмай, көлік  аударылған. 22 жастағы  бойжеткен сол жерде көз жұмды. Ал қасындағы 2007 жылы туған жолаушы медициналық көмекке жүгінген.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында полицейлер апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметі, мотокөлікті жалға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы және қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін өзге де жайттар тексерілуде.

Қайық, катер немесе гидроцикл айдап, су бетінде «жарыс» ұйымдастыратындардың еркіндігі енді шектеледі. Су үстіндегі шағын кемелер мен қайықтар қатаң тексеріліп жатыр. Катер не гидроциклді рұқсатсыз айдап жүргендер, құтқару кеудешесін кимегендер, техникалық ақауы бар қайықтарды пайланып жүргендер жауапкершілікке тартылады.

НҰРЖАН ТАҢАТАРОВ, ҚР ТЖМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Халық жаппай демалатын орындарда азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға, сондай-ақ шағын көлемді кемелерді пайдалануға байланысты оқиғалардың алдын алу бойынша кешенді тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда 164 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.