Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Абырой болғанда, науқас аман қалды. Бірақ, түрлі дене жарақатын алған қала тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Жедел жәрдем бригадасы бірінші санаттағы шұғыл шақыртуға асығып бара жатқан. Алайда, дыбыстық сиреналарды қосылып тұрғанына қарамастан, жаяу жүргінші жолға шығып кеткен. Қатты жылдамдықпен келген көлік тоқтап үлгере алмай қалыпты. Қазір аталған іс бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр. Ал шұғыл шақыртуға басқа жедел жәрдем жіберілді.