$467.41 €533.88 ₽6.14
×

Жаңа туған нәресте тікұшақпен ауруханаға жедел жеткізілді

10.07.2026ж. 09:40
Жаңа туған нәресте тікұшақпен ауруханаға жедел жеткізілді
Фото: ТЖМ

«Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесі шұғыл мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж болған жаңа туған нәрестені тасымалдау үшін Павлодар - Екібастұз бағыты бойынша шұғыл санитариялық рейс орындады.

Екібастұз қаласында тікұшақ бортына жаңа туған нәресте мен оның анасы қабылданды. Ұшу барысында кішкентай науқастың жағдайы санитариялық эвакуацияны сүйемелдеген медициналық бригада мамандарының тұрақты бақылауында болды.

Тікұшақ экипажының, медицина қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының және жедел өзара іс-қимылдың арқасында нәресте анасымен бірге Павлодар қаласына жеткізіліп, одан әрі мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды.