$467.41 €533.88 ₽6.14
×

Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздары марапатталады

10.07.2026ж. 10:39
Астанада «Мерейлі отбасы – 2026» байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздары марапатталады
Фото: Астана әкімдігі

Астанада 10 шілде күні «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздары мен лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Марапаттау рәсімі сағат 19:00-де Есіл өзенінің жағалауындағы Амфитеатрда басталады.

Бұл кеш отбасы құндылықтарын, сүйіспеншілік пен бірлікті, ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін ерекше мерекеге айналмақ. Іс-шара барысында өзгеге үлгі болып, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және отбасы институтын нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген жанұялар құрметке бөленеді.

Кеш қонақтарына қазақстандық эстраданың танымал өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылады.