Португалия құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатындағы сапарын 1/8 финалда аяқтады. Испаниядан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін, жұртшылықтың назары тағы да Криштиану Роналду мен оның ұлттық құрамадағы болашағына ауды. Осындай қиын сәтте Португалия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы, "Ақтөбе" жұлдызы Нани өзінің бұрынғы әріптесіне әсерлі қолдау хатын жолдады, деп хабарлайды Aladop.kz.
2026 жылғы Әлем чемпионатында Испаниядан ұтылған соң, Португалия турнирмен қоштасты. Көптеген жылдар бойы ұлттық құраманың басты символы болып келген Криштиану Роналду үшін бұл жеңіліс өте ауыр тиді.
Нани Роналдудың футбол тарихындағы орнына тоқталып, бір нәтиженің оның жетістіктеріне көлеңке түсіре алмайтынын атап өтті.
"Сенің ұлттық құрама мен футболдағы мұраң бәрін айтып тұр. Ешқандай нәтиже сен жасаған тарих пен ұмытылмас сәттерді өшіре алмайды.” — дейді Луйш.
Нанидің пайымдауынша, бір ойын немесе бір жеңіліс Роналдудың Португалия футболы үшін жасаған еңбегін еш төмендетпейді.
Роналдумен бірге ұзақ жылдар бойы бір командада өнер көрсеткен Нани оның ұлттық жейдеге деген адалдығын жақсы біледі.
"Криш, мен сенімен бірге көптеген сәттерді бастан өткергенімді мақтан тұтамын және сенің бұл жейде үшін қаншалықты құрбандыққа барғаныңды білемін.” — деді футболшы.
Оның айтуынша, Роналдудың құрамадағы жолы тек голдар мен рекордтардан ғана емес, сонымен қатар ерен еңбек пен құрбандықтан тұрады.
Нани тек Роналдуды ғана емес, бүкіл Португалия құрамасын қолдауға шақырды. Ол бұл команданың құрметке, қолдауға және сенімге лайық екенін баса айтты. Әрбір ойыншы ұлт намысын қорғаудың жауапкершілігін сезінетінін жеткізді.