Енді мемлекеттік қолдау тек ірі қара мен ұсақ мал өсірушілерге ғана емес, марал өсіруші шаруашылықтарға да қолжетімді болады.
Шағын және орта бизнесті қолдайтын институт тарапынан кепілдендіру көлемі ұлғаяды. Яғни шаруаның мүлкі жетпесе, 50 пайыздан 85 пайызға дейін кепілдік беріледі. Сондай-ақ айналым қаражатын толықтыруға, мал басын көбейтуге және шаруашылық нысандарын салуға төмен пайызбен несие беріледі.
Биыл «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламаларына 220 млрд теңге бөлінді. Қаражат асыл тұқымды мал сатып алуға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және жайылым инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.