$464.71 €531.26 ₽6.05
×

Жамбыл облысында мұздақ көлдерге әуеден мониторинг жүргізілді

13.07.2026ж. 12:12
Жамбыл облысында мұздақ көлдерге әуеден мониторинг жүргізілді
фото: ТЖМ

Жамбыл облысында сел қаупі бар және Талас жотасының солтүстік беткейінде, Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекараға жақын орналасқан мұздықтық көлдерге әуеден мониторинг жүргізілді.

Іс-шараға Жамбыл облысы ТЖД бастығы, Жамбыл облысының әкімі, табиғат қорғау прокуроры, сондай-ақ «Қазселденқорғау» ММ Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасының басшылары қатысты.

Қазіргі уақытта мұздықтық көлдердегі су деңгейі мен су көлемі қалыпты шектерде. Өңірде сел қаупінің алдын алу мақсатында аталған нысандарға тұрақты мониторинг жүргізу жалғасуда.