$464.71 €531.26 ₽6.05
×

Димаш жанкүйерінің арманын орындады

13.07.2026ж. 12:48
Димаш жанкүйерінің арманын орындады
фото: shygyslife.kz

Катонқарағайда өткен Димаш Құдайбергеннің концертіндегі әсерлі сәт желіде тарады. Көрермен арасында тұрған жанкүйер қыз әншіні жақыннан көргенде толқып, көз жасына ерік берді. Мұны байқаған Димаш оған жақындап, құшағына басты.

Көпшілік әншінің қарапайымдылығы мен жанкүйерлеріне деген ықыласын жоғары бағалап, жылы пікір білдіруде.

Алтайдың көркем табиғаты аясында өткен концерт мыңдаған көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады.