$464.71 €531.26 ₽6.05
×

«Pinduoduo» арқылы тапсырып берген жігіт сотталды

13.07.2026ж. 15:45
«Pinduoduo» арқылы тапсырып берген жігіт сотталды
фото: pixabay

Ақтөбе қаласының №2 соты «Pinduoduo» қосымшасы арқылы құны 1 000 теңгелік кастетке тапсырыс берген азаматтың ісін қарап, үкім шығарды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 287 бабы, 1 бөлігі бойынша іс қозғалған.

«Сотталушы Д. ұялы телефонындағы «Pinduoduo» қосымшасы арқылы құны 1 000 теңге тұратын кастетке тапсырыс берген. Ол осы суық қаруымен компьютерлік клубқа барған, одан шыққан соң саябаққа барған. Саябақта оны Ақтөбе қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, тексерген және кастет түріндегі суық қаруды заңсыз алып жүргенін анықтаған. Сотта жігіт кінәсін толық мойындаған», - деп хабарлайды Ақтөбе соттарының баспасөз қызметі. 

Сот ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, жігітті Қылмыстық кодекстің 287-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапқан және оны 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартқан.