Елде "құдай үйі" саудаға шығарылған. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді. Бүгін ведомство басшысы өткен жылды қорытындылап, биылғы жоспарды таныстырды. Министр мешіт салу сәнқойлыққа айналғанын айтты. Енді діни ғибадатхана салуда жаңа стандарттар мен талаптар енгізілмек.
Нұрлан Ермекбаев, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі:
Кейбір жерлерде мешіт ғимараты сатуға қойылып жатыр. Құдайшылық іс мешіт не шіркеу салу ғана емес. 3601 мешіттің 84-і қаңырап бос тұр. Бұл процесті жүйеге келтіру үшін діни ғибадатхана салуға рұқсат беретін айқын стандарттар болу керек. Жаңадан құрылыс салуға ниетті азаматтарға қосымша талаптар қойылуы мүмкін.
Бұған
былай діни экспертиза жасайтын орталық құрылуы мүмкін. Бұған дейін сараптама
түрлі ұйымдарда жүргізіліп келген. Бірыңғай діни сараптама орталығы әртүрлі
сала сарапшыларының басын қосады. Министр бұл тексеру процесінің жылдамдығын
арттырып, діни экспертизаға сенімді күшейтеді деп отыр.