Астана қаласында заңсыз салынған жанармай құю бекеті сот орындаушыларының араласуымен мәжбүрлі түрде сүрілді. Қорғалжын тас жолы бойында 2008 жылдан бері қызу жұмыс істеп келген нысанның бір де бір заңды құжаты жоқ болып шыққан. Астана қаласының әкімдігі меншік иесіне құрылысты бастаған сәтте нысанды толық заңдастырып алуға мүмкіндік беріпті. Бірақ бекетті салып алған кәсіпкер 8 жыл бойы оны рәсімдеуге салғырт қарап келді, дейді шенеуніктер. Жауапсыз меншік иесі бүгін де көрінбеді.
Дәулет Рысқұлов, Астана қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары:
2008 жылы құжаттарды реттеп алуға мемлекет мүмкіндік берді. Алайда бұл азамат рұқсат құжаттарын сол қалпы рәсімдемей жүре берген. Бекетті салуын салды, тек оны құжат жүзінде
қолданысқа енгізбеді.
Бекетті
сүру туралы Астана қалалық әкімшілік сотының шешімі 2015 жылдың қарашасында
шыққан. Бір ай ішінде сот шешімін орындамаған кәсіпкерге әкімшілік айыппұл
салынып, жұмысы мәжбүрлі түрде тоқтатылды. Меншік иесі 2016 жылдың қаңтарында,
бекетті сүру туралы сот шешіміне келіспей шағым түсіргенімен, шешім өзгеріссіз
қалған. Заңды елемеген кәсіпкердің бизнесі осылайша тоқтатылды. Мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өкілі нысанды тексеру белгісіз тұлғаның «домалақ арызынан» кейін басталған.
Болашақта бұл жерде мейрамхана мен
қонақ үй кешені бой көтереді, дейді ақ жағалылар.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ