Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жамбылда 107 мыңнан астам адамға тегін амбулаториялық дәрілік заттар беріледі

AstanaTV
21.02.2018ж. 20:00
2572
Жамбылда 107 мыңнан астам адамға тегін амбулаториялық дәрілік заттар беріледі

Жамбыл облысында 107 мыңнан астам адамға тегін дәрі-дәрмек беріледі. Бұл мақсатқа облыстық Денсаулық сақтау басқармасы фармөнімдерді жеткізуші компанияға 5 млрд 417 млн теңгеге өтінім жолдаған. Әзірге 214 түрлі препарат жеткізілді.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы филиалында «Жоғары технологияларды дамыту» бағыты бойынша өткен комиссия отырысында айтылды. Қатысушылар қажетті дәрілер қол жетімді болу үшін фарм өнімдерді өзімізде өндіру керектігін ортаға салды. Қазақстанда дәрі шығаратын зауыттардың аздығы да айтылды. Препараттардың 90 пайызы сырттан келеді. Отандық фармацевтикалық өнім нарықтың тек 10 пайызын ғана жауып отыр. 

Марат Жұманқұлов, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Берген өтінім 5 млрд теңгеден асып отыр. Бүгінгі таңда логистикалық компания «Әмір және Д», мысалы, бүгін 21-ші ақпанға 533 млн теңгеге дәрі-дәрмек әкеп отыр.