Соңғы кездері «ақысына адам жоқтап беру» деген құлаққа түрпідей тиетін қызмет түрі пайда болды. Сондай-ақ, қалтасы көтермесе де несие алып, «ас та, төк» құдайы тамақ беріп жататындар бар. Жалпы ғұрыпқа байланысты қызметтердің тым қымбат тұратыны тағы рас. Мысалы, Алматыда осы қызметте жүргендер алдағы көктемде құлпытастардың бағасы 25 пайызға көтерілетінін айтты. Бірақ камера алдында сұхбат беруден үзілді-кесілді
бас тартты.
-
С первого числа дорожать будет - Будет дорожать – на 25% сразу!
Ершат
Ағыбайұлы, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы ғұламалар кеңесінің хатшысы:
Мәйітті
жерлеу барысында көптеген ысырапкершілікке де барып жатады. Шариғат талап
етпеген. Астамшылыққа барып, кейбір жағдайда тіпті қатардан қалмаймыз деп, қарыз
алып, кредит алып, «ас та, төк» ас беріп жатады.
Ертең 20.00 «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық
бағдарламасынан «Өлгендер қайтып келмейді» арнайы репортажынан көріңіздер.