$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Екінші деңгейлі банктерде ақша тапшылығы сезілсе, Ұлттық банк қосымша қаржы тартуды ұсынбақ

AstanaTV
19.02.2016ж. 20:00
1505
Екінші деңгейлі банктерде ақша тапшылығы сезілсе, Ұлттық банк қосымша қаржы тартуды ұсынбақ

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді қосымша қаржыландыру мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Алайда банктерде қолма-қол қаражат тапшылығы сезілетін болса, бас банк қосымша ақша қарастыру жолдарын ұсына алады. «Астана» телеарнасының ресми сауалына Ұлттық банк осындай жазбаша жауап қайтарды. Реттеуші банк екінші деңгейлі қаржы институттарындағы капиталдың жеткіліті болуын қадағалап отыр. Ал банктерде қаржы жетіспеушілігі бола қалса, ақша қалай беріледі деген сауылымызға, мынадай жауап алдық.

Қаржы көлемі қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша беріледі. Яғни барлық қатысушыларға тең жағдайда, қысқа мерзімді қарыз түрінде. Бұдан бөлек, егер банктер ақша тапшылығын сезінетін болса, қаражат берудің басқа да механизмдерін қарастырамыз.

Естеріңізге салайық, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Давос форумы кезінде Рейтерс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында кейбір банктерді қаржыландыру керектігін айтқан болатын. Сол кезде Ұлттық банк коммерциялық банк акционерлерімен келіссөздер жүргізіп жатқаны белгілі болды. Премьер оларды қаржыландыру жолдары қарастырылып жатқанын айтқан болатын.

Самат ҚАНАҒАТОВ