Adv pic
$474.47 €503.51 ₽4.88
×

Адвокаттар Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың сотталып жатқан ұлын дереу босатуды өтінді

AstanaTV
22.02.2018ж. 20:00
1903
Адвокаттар Мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың сотталып жатқан ұлын дереу босатуды өтінді

Аслан Жақыпов тергеуде отырған жылдар ішінде өз жазасын алды. Бишімбаев ісі бойынша жалғасқан сот отырысында осылай деген Жақыпов адвокаты оны босатуды сұрады. Оның сөзінше, мәжіліс депутаты Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов өзіне тағылған айыппен келісіп, берген куәліктерін өзгертпеген. Оның үстіне ол қылмыстық топ құруға қатыспаған деп отыр. 2016-шы жылы айыпталушының үйін тінту барысында қару-жарақ табылған. Адвокаттың сөзінше, оның жартысы өзіне сыйға тартылған болса, қалғаны - әкесі депутат Қабиболла Жақыповтың аңға шығатын қару-жарақтары. Сондықтан бұғатталған дүние-мүлік пен қаражатты да иесіне қайтаруды сұрады. 

Галина Алигожина, Аслан Жақыповтың адвокаты:

Бүгін оның кенжесі 2 жасқа келді. Қорғауымдағы азамат баласын әлі көрген де жоқ. Ол тиісті жазасын алды деп есептейміз. Сондықтан оны және тінту барысында алынған, анасына тиесілі 160 мың доллар мен 20 мың еуроны және ата-анасының ақшасына алынған пәтерді, сыйға берілген қару-жарақтарын, жер учаскесін қайтарып беруіңізді өтінеміз.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор Аслан Жақыповты пара алу бойынша кінәлі деп тауып, оны 2,5 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.