Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жыл басынан жоғары оқу орындарында оқитын 8 студенттен туберкулез ауруы анықталды

AstanaTV
22.02.2018ж. 20:00
2687
Жыл басынан жоғары оқу орындарында оқитын 8 студенттен туберкулез ауруы анықталды

Алматыда жыл басынан жоғарғы оқу орындарында туберкулезге шалдыққан 8 студент анықталды. Оның екеуі дерттің "ашық түрімен" ауырған. Мұндай мәліметті мегаполистегі Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары мәлім етті. Қазір құрт ауруы анықталған жастар тубдиспансерге жатқызылған. Ал жоғарғы оқу орындарына айыппұл салынған. 

Мамандар дерегінше, студенттер арасында тіркелетін жағдай азаймай отыр. Өткен жылы Алматыда құрт ауруымен 623 адам тіркеуге алынса, оның 57-сі - студент. Әсіресе, Қыздар педагогикалық университеті, Қазақ Ұлттық университеті мен Аграрлық-техникалық университет және медициналық оқу орны көш басында тұр. Мамандар оған студенттер санының шамадан тыс қабылдануы мен медициналық тексерістің сапасыздығы себеп деп отыр.

Айзат Молдағасимова, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

Оның біреуі КазНУ әл-Фарабиге келеді, бір студент Аграрлық университетке келеді. Керекті штрафной санкция дейміз ғой, соны салдық. Бүгінгі материалдардың бәрін медициналық орталықтар қызмет көрсететін, соларға бөлек шаралар қолдануға дайындалып жатырмыз.