$467.48 €539.52 ₽5.73
×

«ӘДІЛЕТ» партиясының 8 мың жас белсендісі үгіт-насихат материалдарын таратуға кірісті

AstanaTV
24.07.2026ж. 19:00
«ӘДІЛЕТ» партиясының 8 мың жас белсендісі үгіт-насихат материалдарын таратуға кірісті

«ӘДІЛЕТ» партиясының белсенділері үгіт-насихат материалдарын ілуге кірісті. Оған 8 мыңнан астам жас үлес қоспақ. Олар сондай-ақ тұрғандарға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырады.

Жас келсе – іске. Құрылтай депутаттарын сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңінің басталуына орай «Әділет» партиясының жас белсенділері еліміздің барлық өңірінде жұмысқа кірісті.

ЕРЖАН  ХАМИТОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің барлық аймақтардағы, оның ішіндегі 20 мегаполис және 17 облыстағы 8000 астам «ӘДІЛЕТ» партиясының жастары үгіт – насихат жұмыстарын бастады. Барлық аймақтарда, аудандарда, ауылдарда біздің белсенділеріміз партияның бағдарламасын түсіндіріп, сонымен қатар арнайы дайындалған арнайы үгіт материалдарын таратуды қолға алып жатыр. Бұл жүйелі түрдегі жұмыс алдағы бір ай бойы жалғасатын болады.

Қарағанды облысында да 400-ден астам жас жұмысқа белсене кірісіп кетті. Олар плакаттарды орталық көшелердегі арнайы орындарға орналастырады. Партияның сайлауалды штабының жоспарына сәйкес, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары облыс және қала орталықтарымен ғана шектелмей, аудандық және ауылдық елді мекендерді де қамтиды.

АРАФАТ МӘЖІТОВ, “ЖАСТАР РУХЫ” ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін жалпы Қазақстан және “Әділет” партиясы үшін де ерекше күн. Дәл бүгін үгіт- насихат кезеңі басталды. Көріп отырғандарыңыздай, біз қазір үгіт- насихат материалдарын жабыстырып жатырмыз. Біздің 400-ден астам белсенді облыс бойынша жұмысты бастады.

Тараздағы штабтарда да 400-ге жуық ерікті жұмылдырылды. Жастар халық көп жүретін жерлердегі арнайы тақтайшаларға партияның ақпараттық-түсіндіру қағаздарын ілді.

ДАУЫЛ БЕЙСЕНҚҰЛОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ресми түрде бүгін барлық облыстық штаб бүкіл аудандарда еңбек ұжымдарында насихат жұмыстарын жүргізетін болады. Сонымен қатыр Тараз қаласы мен 10 ауданда осындай штабтар құрылды. Негізгі мақсат Әділет партиясының сайлау алды бағдарламасын халыққа жеткізу.

Үгіт насихат тамыздың 21-нен 22-не қараған түні аяқталады. 22 тамыз тыныштық күні. Ал сайлау 23 тамызда өтеді.