Алматыда танымал спортшылар мен 1 мың адам қатысуымен таңғы жаттығу жасады.
«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешеніндегі шара «Әділет» партиясының үгіт-насихат науқаны аясында өтті. Партия өкілдері «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан бастаған көпшілік дене шынықтыру жаттығуларын жасап, салауатты өмір салтын қолдайтындықтарын көрсетті. Іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, көлемі 15 метр болатын партия туы салтанатты түрде көтерілді. Үгіт-насихат науқаны алдағы уақытта қала тұрғындарымен кездесулер және ашық диалог алаңдары арқылы жалғасады.
ДИДАРБЕК ДІЛДАБЕК, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:
Біздің сайлауалды бағдарламамыздың ішін де де осы бұқаралық спортты дамыту, және де осы денсаулықты қалыптастыру бойынша көрсетілген жерлер бар және де біз өзіміздің айтқан дүниелерімізді бүгінгі күннен бастап жатырмыз деп айтсақ артық етпес. Сондықтан бұл жерде волонтерлар, спортшылар, елімізге белгілі чемпиондар бүгін тілектерін білдіріп, өз өнерлерін көрсетіп, бір сондай бір жақсы көңіл-күйдегі шара болады деп есептеп жатырмыз.