Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы да Астанада орталық сайлауалды штабын ашты. Іс-шара барысында үгіт-насихат және үйлестіру жұмыстары мен Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар туралы айтылды. Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сайлаушылармен байланыс орнатуға арналған бірегей жобалар да ресми түрде іске қосылды. Олардың қатарында халықтың Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясына жолдайтын ұсыныстары мен өтініштерін жинауға арналған пошта жәшігі және әр ниет білдірушіге сөз сөйлеу мүмкіндігі берілетін бейнебөлме бар. Партияның сайлау тізіміне барлығы 33 кандидат енгізілді. Сондай-ақ жиында «Прогреске апарар жолдағы 20 белес» атты сайлауалды бағдарлама таныстырылды. Әділетті мемлекет қалыптастыру, адам мүддесіне қызмет ететін экономиканы дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және Қазақстанды цифрлық дәуір мен жаңа жаһандық сын-қатерлер жағдайында дамыту бағдарлама-ның негізгі міндеттері саналады.
НАУРЫЗ САЙЛАУБАЙ, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СОЦИАЛ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДИУМ МҮШЕСІ:
Біздің 33 кандидатымыз бар. Әр өңірдегі филиал төрағадары кандидат болып табылады. Осы штабпен басқару арқылы үгіт-насихаттары жұмыстарын жүргізіп отырады. Сондықтан, қандай да болса сұрақтар болса, қанжай да бір үгіт-насихаттар да проблемалар болса, мәселе туындаса осы штаб арқылы келісіп, осы штабтан жауап аласыздар.