Зобалаң жылдары шекара асқан қандастар тақырыбына талай материал жасағандықтан да оралған және оралуды ойлаған қазақтар, дәлірегі, сол көштің балалары мен бүгінгі ұрпағының тағдыры мені ешқашан бейжай қалдырған емес. Жалпы Адам тағдыры өте күрделі дүние... Мүфтихан ақсақалдың ұлдарын, еркек кіндікті жақындарын ертіп, Отанымызға оралғанына 19 жыл. Сергек кісі екен.
«Ыстамбұлдан шыққан қазақ» фильмінен үзінді.
Бұл «Ыстамбұлдан шыққан қазақ» деген фильмді Райхан Рақым түсірген, Досым Сәтпаев қорының көмегімен. Екі қазақ - Мүфтихан мен Ілияс арқылы сол көштің балаларының тағдырын баяндайды. Қызық. Тағылымды. Сириядағы соғысқа байланысты Түркиядағы жағдайдан да хабар береді, актуальді. Әйтсе де, бәрінен бұрын айтып тұрмын ғой, Отанның оттан да ыстық екенін есіңе салып, Ілияспен бірге жылатады... Ілияс 40-тан асқанында Отанымызға тұңғыш рет келген. Ал ол түпкілікті орала ма? "Астана" арнасының эфирінде "Ыстамбұл қазағы" деректі фильмін көріңіздер. Өте жақсы дүние.