Ресей Байқоңырға қатынайтын
рейстер ашпақ. Бүгін «Роскосмос» Байқоңырға жүйелі түрде ұшуға ниетті әуе
компаниялары арасында тендер жариялады. Бұл жөнінде «Известия» хабарлайды.
«Жерүсті ғарыш инфрақұрылымдары нысандарын пайдалану» орталығы директорының
міндетін атқарушы Рано Джураеваның айтуынша, 4 Ресей әуе компаниясы ұсынысқа
қызығушылық танытқан. Олар: «Уральские
авиалинии», S7, Red Wings және «Космос» әуе компанялары. Әуе билеті мен
қызмет көрсету ұсынысы тиімді деп танылған бір ғана компания жеңіске жетпек.
Еске салайық, Қазақстан тарапынан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі уақытында туристерді Байқоңырға жеткізетін 7
туркомпания нақтыланды. Олардың барлығы қатаң іріктеуден өткен.
Ләйлә
ҚАЗИАҚПАРОВА