«Ауыл» партиясының бастамасымен Алматыда «Ауылым-әнім» музыкалық акциясы өтті. Науқан аясында қаладағы 20 қоғамдық автобус пен метро станцияларында қазақтың халық әндері мен патриоттық әндер шырқалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастама ұлттық мәдениетті насихаттап, қазақ өнерін кеңінен дәріптеуге бағытталған. Акция барысында партия өкілдері тұрғындарға сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, белсенділер жолаушыларға партияның үгіт-насихат материалдарын таратты.
НҰРБОЛАТ ӨМІРХАН, "АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Республика бойынша 69 кандидат. Ал біздің Алматы қаласы бойынша 4 кандидат ұсынылып жатыр. Оның ішінде жастар квотасымен, әйелдердің арасында және өзіміздің партияның жетекшісі де бар. Бізде партияда жастардың үлесі 25 пайыз. Кәсіпте, мемлекеттік қызметкерлігінде болған кісілер бар.