$477.17 €543.26 ₽6.01
×

«Ақ жол» партиясының өкілдері еңбек ұжымымен кездесті

AstanaTV
29.07.2026ж. 19:00
«Ақ жол» партиясының өкілдері еңбек ұжымымен кездесті

«Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Ақтөбе облысында жалғасты. Партия төрағасы Дания Еспаева бастаған кандидаттар өңірдегі темірбетон бұйымдары мен құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорын ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Құрылтай сайлауының маңызы түсіндіріліп, партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары таныстырылды. Жиын барысында өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселелері көтерілді. Жұмысшылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

ДАНИЯ ЕСПАЕВА, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы кәсіпорында 500-дей адам жұмыс істейді. Баяғыдан бері тарихы бар мекеме. Әрине, ең бірінші халыққа түсіндіру, 23 тамыз сайлау өтеді, ол қандай сайлау, құрылтай деген не, оны халық түсіну керек. Ал екінші міндет, Ақжол партиясының бағдарламасымен таныстыру.