$474.63 €544.5 ₽5.92
×

Қызылжарда мектепте жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан екі қызметкер биіктен құлап кетті

Қызылжарда мектепте жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан екі қызметкер биіктен құлап кетті

Қызылжарда мектепте жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан екі қызметкер биіктен  құлап кетті. Оқиға Абай атындағы мектеп-гимназиясында болған. Білім ордасының тазалығына жауап берген қос жұмысшы спортзалдың қабырғасын сырлап жатқан кезде 2 метр биіктіктен құлаған. Салдарынан 54 және 57 жастағы әйелдердің омыртқасы және тағы бірнеше сүйегі сынған. Қазір жәбірленушілер ауруханада жатыр.

ЖАННА МАУЫТОВА, ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Науқастар ауруханаға жеткізілген кезде жағдайлары орташа болды.  Біреуінің аяғы бірнеше жерден сынған. Ал екіншісінің омыртқасы кеуде және бел тұсында сынық бар. Қазір екеуі де ем шараларын қабылдап жатыр.

Мектеп басшылығы аталған мамандардың 10 жылдан артық жұмыс істеп келе жатқанын айтады. Қос әйел жөндеуге кірісер алдында, арнайы әдістемеден өткен көрінеді. Қазір мектепте жөндеу жұмыстары түгел тоқтатылған. Мәселенің мән-жайын еңбек инспекциясы мен қалалық білім беру бөлімі анықтайтын болады.

ЖАНАР ЫБЫРАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Заңға сәйкес егер мектеп өз күшімен жөндеу жұмыстарын жүргізуге қауқарлы болса, онда шектеу жоқ. Ал егер күрделі жаңғырту жұмыстарына арнайы мердігерлер шақыртылады. Қазір біз бұл оқиғаны заң тұрғысынан саралайтын боламыз.