$474.63 €544.5 ₽5.92
×

Каунас қаласында қазіргі бессайыстан 17 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты аяқталды

31.07.2026ж. 17:43
Каунас қаласында қазіргі бессайыстан 17 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты аяқталды
фото: ҰСК

Тамирлан Төлегенов және Берік Хамза Ерлер арасындағы іріктеу кезеңінде және жартылай финалда сәтті өнер көрсетіп ақтық сынға шықты. Нәтижесінде Тамирлан 23-орын, Берік 25-орынға тұрақтады.

Сонымен қатар Берік Хамза және Тамирлан Төлегенов командалық эстафетада үздік ондыққа еніп, алтыншы орыннан көрінді. Ал Яна Беспалова және Сабина Ахмединадан құралған әйелдер командасы 12-орында жарысты аяқтады.

Сондай-ақ отандастарымыз аралас командалық эстафетада 13-орынға табан тіреді. Құрама сапында Яна Беспалова және Тамирлан Төлегенов өнер көрсетті.

Одан бөлек, ерлер командасы (Берік Хамза, Тамирлан Төлегенов, Нұрғали Өмірсерік) командалық бәсекеде сегізінші орыннан көрінсе, әйелдер командасы (Яна Беспалова, Сабина Ахмедина, Диана Гренц) 14-орынға ие болды.