$473.59 €544.68 ₽5.94
×

ҚХП өкілдері Астанада «Мемориалдық аймақ» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесті

ҚХП өкілдері Астанада «Мемориалдық аймақ» қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен кездесті

Қазақстан Халық партиясының өкілдері Астанада «Мемориалдық аймақ» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті. Аталмыш ұйым екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық майдангерлерді іздеумен айналысады. Шарада осы жұмыстың негізгі қорытындылары таныстырылды. Арнайы жасақ жыл сайын Санкт-Петербург маңында қазба жұмыстарын жүргізеді.  Осы уақытқа дейін хабарсыз кеткен 3200-ден астам отандасымыз туралы ақпарат тапқан.  Белсенділер архивтік құжаттарды зерттеуге де қолдау көрсетуде.

ЛӘЗЗАТ СҮЛЕЙМЕН, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Екінші дүниежүзілік соғыс біздің тарихымыз. Біздің халқымыз үшін ата бабаларын табу, құран оқу, құрмет көрсету - ата салтымыз болып табылады. Сондықтанда бұл ұйым адамдарға үлкен көмек көрсетіп отыр.