$473.59 €544.68 ₽5.94
×

Еуропада 435 мың гектар орман өртеніп кетті

01.08.2026ж. 17:51
Еуропада 435 мың гектар орман өртеніп кетті
Фото: pixabay

Франция, Испания мен Түркиядағы жағдай қиын.

Бұл мемлекеттерде жалын ірі қалаларға жақындап, қауіпті аймақтардан жүздеген мың адам эвакуацияланды.

Мамандар алдағы апталарда Грекия, Италия және Орталық Еуропаның бірқатар елінде өрт қаупі одан әрі күшеюі мүмкін екенін ескертеді. Олардың айтуынша, аптап ыстық пен құрғақ ауа райы тілсіз жаудың тез таралуына себеп болып отыр.