$473.59 €544.68 ₽5.94
×

EJOI 2026 олимпиадасы: Қазақстан құрамасы үш медаль және бір мақтау грамотасын иеленді

01.08.2026ж. 18:39
EJOI 2026 олимпиадасы: Қазақстан құрамасы үш медаль және бір мақтау грамотасын иеленді
Фото: gov.kz

2026 жылғы 24-30 шілде аралығында Литва Республикасының Каунас қаласында EJOI 2026 – Информатикадан Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы өткен. Білім додасына 25 елден 100-ден астам оқушы қатысқан.

EJOI - 16 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған информатика саласындағы ең беделді халықаралық олимпиадалардың бірі. Ол дарынды оқушылардың бағдарламалау, алгоритмдеу және компьютерлік ғылымдар бағытындағы қабілеттерін дамытуға арналған.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль және 1 мақтау грамотасын иеленген.

Еламан Әлішер, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы - алтын медаль;

Белгімбаев Әмір, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы - күміс медаль;

Ермұханов Ислам, Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы - қола медаль;

Жангелді Санжар, Қарағанды облыстық Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы - мақтау грамотасы.