$477.25 €500.25 ₽4.81
×

«Нұр Отан» белсенділері: Жаңа «Қазақ әліпбиі» - өте жеңіл нұсқа

AstanaTV
26.02.2018ж. 20:00
4809
«Нұр Отан» белсенділері: Жаңа «Қазақ әліпбиі» - өте жеңіл нұсқа

Латын қаріптерімен таңбаланған жаңа «Қазақ әліпбиі» - өте жеңіл, тез икемге келетін нұсқа. Күнделікті өмірде қолданатын ұялы телефондарда осы әріптер пайдаланылып жүр. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы белсенділері айтты. Партияның Әуезов аудандық филиалының мұрындық болуымен өткен жиынға «Жастар үйінің» тәрбиеленушілері мен ұстаздар,  өзге де қазақ тіліне бей-жай қарамайтын азаматтар қатысты.

Меруерт Әйтенова, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының саяси кеңес бюро мүшесі:

Орта жастағы біздің өзіміз қазір әлем тілі, әлемді игеретін тіл - ағылшын тілін меңгеріп жатырмыз. Сондықтан, латын әліпбиі біздің өмірімізге дәл қазіргі уақытта дер кезінде, өзінің қайнап тұрған кезінде, бізге керек кезінде келіп отыр деп ойлаймыз.

Оралда мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы талқыланды. Сондай-ақ, "Дипломмен ауылға" бағдарламасына тоқталған партия мүшелері, бұл жобаны заман талабына сай жетілдіру керек, дейді. Бағдарлама бойынша берілетін қаржыға ауылды жерде жақсы баспана сатып алу мүмкін емес. Партия өкілдері  мәселені «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы шешуге болатынын айтты.