$475.38 €547.73 ₽5.93
×

Перуде туристер мінген ұшақ апатқа ұшырады: 13 адам қаза тапты

03.08.2026ж. 22:38
Перуде туристер мінген ұшақ апатқа ұшырады: 13 адам қаза тапты
фото: AP

Перуде туристер мінген жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам көз жұмды.

Бортта Италия, Германия және Испания азаматтары болған. Экипаж мүшелері — Перу азаматтары. Ұшақ әлемге әйгілі Наска геоглифтерін әуеден тамашалауға арналған экскурсиялық рейске шыққан.

 Апат алдында ұшқыш дабыл белгісін жіберген. Алайда бірнеше минуттан кейін ұшақпен байланыс үзілген.