$452.91 €509.43 ₽5.53

Үш айда «Әділет» партиясына 7 мыңнан астам өтініш түскен

AstanaTV
05.11.2026ж. 19:00
Үш айда «Әділет» партиясына 7 мыңнан астам өтініш түскен

Өңірлердегі жол мәселесі Партиялық бақылау комитетінің алғашқы отырысында жан-жақты қаралды. Кейінгі үш айда «Әділет» партиясына түскен 7 мыңнан астам өтініштің 1173-і жол инфрақұрылымына қатысты. Жиында Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан және басқа да облыстардағы проблемалық учаскелер сөз болды. Атап айтқанда, жолдардың бүлінуі, жөндеу жұмыстарының созылуы және ауылішілік жолдардың сапасы талқыланды. Сонымен қатар жол материалдарының сапасына жүргізілген зерттеулердің үштен бірі талапқа сай келмегені айтылды.

МАРАТ ҚОЖАЕВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Автомобиль жолдарына қатысты мәселелердің қоғамдық деңгейі мен әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, нақты ең проблемалық обьектілерде тиісті партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте Мемлекет басшысының  Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген тапсырмалары мен партияның сайлауалды бағдарламасын өңірлер мықты болса, ел мықты деген басым бағытын сапалы әрі толық көлемде орындау біздің басты міндетіміз.