$475.38 €547.73 ₽5.93
×

Жамбылда ер адамды белгісіз біреулер атып өлтірді

AstanaTV
03.08.2026ж. 19:00
Жамбылда ер адамды белгісіз біреулер атып өлтірді

Жамбыл облысының Луговое ауылында  ер адамды белгісіз біреулер атып, өлтіріп кетті. Марқұмның туыстарының айтуынша, бұған қылмыстық топ мүшелерінің қатысы болуы мүмкін. Олар қайғылы оқиғаға дейін ер адамға бірнеше рет қоқан-лоқы жасалғанын айтады. Марқұмның артында жұбайы, ұлы мен қызы қалды. Ал егде жастағы ата-анасы жалғыз ұлынан айырылды.

ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің кісі өлтіру бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлерімен күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмысты жан-жақты тергеп-тексеруге бағыттталған қажетті тергеу жұмыстары жүргізілуде.