$473.59 €544.68 ₽5.94
×

Мединеден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Оманда шұғыл қонды

03.08.2026ж. 18:00
Мединеден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Оманда шұғыл қонды
фото: pixabay

Мединеден (Сауд Арабиясы) Алматыға бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлауына байланысты Омандағы әуежайға мәжбүрлі түрде қонды. 

 Медине — Алматы бағыты бойынша рейс орындау кезінде жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлады. Бортта оған қажетті көмек көрсетілді. Алайда әрі қарай медициналық бақылау қажет болғандықтан, әуе кемесінің командирі Омандағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ қонғаннан кейін жолаушы медициналық қызмет мамандарына тапсырылды. Жолаушылардың қауіпсіздігі, өмірі мен денсаулығын сақтау — әуе компаниясы үшін негізгі басымдық, — деді SCAT әуе компаниясының өкілі Виктория Старожилова ресми сауалға берген жауабында.